• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 19 Қазан, 2021

Салада шешімін табар іс көп

185 рет
көрсетілді

Маңғыстау өңірінде халық санының артуы білім саласына өзіндік салмақ түсірді. Бүгінде 545 білім беру нысанында 21 мыңнан астам ұстаз 252 мыңнан астам оқушыға білім беріп, ел болашағын тәрбиелеуге үлес қосып жүр. Биылғы оқу жылында мыңға тарта жас маман ұстаздар қатарын толықтырған.

Салада жұмысты жандандыру, жаңа­ша үйлестіру бағытында ізденістер бар екендігі қуантады. Мысалы, мұға­­лімдердің мәртебесін көтеру мақса­тында биыл білім саласында тың жаңалықтар іске қосылды. Биыл алғаш рет Маң­ғыс­тау облысы әкімдігінің қау­лы­сымен «Маңғыстау облы­сы­ның білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі бекітілді. Ұстаздар күні мерекесіне орай, конкурстық іріктеу арқылы төс­бел­гінің иегерлері анықталды. Бай­қауға барлығы 12 бағыт бойынша 175 педагог қатысты. Комиссия мүшелері мұғалімдердің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістігі мен шәкірттерінің жетістігіне баға берді. Байқау ережесіне сәйкес жеңімпаздарға арнайы төсбелгі мен біржолғы сыйақы берілді.

Сондай-ақ ұстаздар күні мере­ке­сінде облыста алғаш рет «Үз­дік педагог» кон­курсының жеңім­паздары, ғұмырын білім беру саласына арнаған ардагерлер, ұстаз­дар әулеті марапатталды. Құрмет­ке бөленгендердің қатарында отбасылық ұстаздық өтілі 294 жыл­ды құрайтын Құрмашевтер, отба­сылық ұстаздық өтілі 171 жыл­ды құрайтын Бекембаевтар және от­басылық ұстаздық өтілі 160 жыл­ды құрайтын Ордалы Қосайдың әулеттері бар. Үш әулеттен 35 мұға­лім шыққан. Мерекелік кеште облыс әкімі педагогтерге алғыс хаттар табыс етті.

– Жас ұрпақтың жан-жақты білім мен тәрбие алуына лайықты жағдай жасау – біздің міндетіміз. Президент аймаққа келген жұ­мыс сапарында Маңғыстау облы­сының кешенді даму жоспарын жасақтауды тапсырған болатын. Соның ішінде өңірде 35 білім беру нысанын салу жоспары бар. Жаңа­дан бой көтеретін білім ордалары өңірдегі мектеп тапшылы­ғы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Құрметті ұстаздар, алда­рыңызда бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Біз өз ке­зе­гі­мізде мұғалімдерге қажетті қол­дауды көрсетеміз. «Ұстаз ба­қы­ты – озып туған шәкірті» дей­ді, елімізді әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін, – деген болатын аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау облысының білім сала­сындағы мәселелері бізге жасырын емес. Сондықтан бұл жайттардың шешілу жолдары қалай жүргізіліп жат­қанын білу мақсатында аталған сала басшысын сөзге тартқан едік.

– 2021 жылға білім саласына рес­пуб­ликалық бюджеттен 35,4 млрд тең­ге, жергілікті бюджеттен 74,7 млрд теңге, барлығы 112 млрд 595 млн 504 мың теңге қар­жы бөлінді. Оның ішінде 72%-ы сала қызметкерлерінің еңбек­ақы­­­ларын құраса, 28%-ы нысандар­ды кү­тіп ұстау, кеңсе және шаруа­шы­лық тауар­лары мен жеңіл жөн­деу жұмыс­тарына арналған шы­ғын­дар. 1 қыркүйек мерзіміне жос­пар­ланған қаржының 99,5%-ы иге­­рілді, –дейді облыстық бі­лім бас­­­қармасының басшысы С.Төле­баева.

Аймақтың білім саласында ат­қары­луы тиіс жұмыс аз емес. Об­лыста апатты мектептер жоқ болғанмен, үш ауысыммен оқитын 15 мектеп бар. Биылғы оқу жылында Ақтау қаласында 1 200 орын­­дық 2 мемлекеттік мектеп, 660 орын­дық 5 жекеменшік мек­теп ашылды және жыл­дың со­ңына дейін 3 мектепке қосымша құры­лыс аяқталуы тиіс. Жалпы 2021-2025 жылдар аралығында облыста 32 мектеп салынуы керек.

Өңірде 14 мектеп бейімделген ғима­­раттарда орналасқан, мысалы Маңғыс­тау ауданындағы Шетпе гимназиясына оқу кабинеттері жетпейді, Шетпе лицейі жатақхана ғимаратында оқиды. Бұдан басқа Шетпе ауылында 1965, 1991 жылы салынған ғимараттары ескі мектептер бар. Осы мектептердің ор­нына мемлекет-жекеменшік серік­тестік механизмі ар­қылы жаңа үлгі­дегі модульді мектептер салу қарас­тырылуда. Ескірген мектептер мәселесі Бейнеу ауданында да бар, жуырда Сар­ғадағы ағаш еденді ауыл мектебі әлеу­меттік желіде сынға іліккен бола­тын. Сон­дай-ақ аудан орталығы Бей­неу кентіндегі орталық мектептерді қо­сымша құрылыстармен үлкейте бергенше екінші, үшінші ауылдардан мектеп салу қажеттігі сезілгелі қашан!

– Nur Otan партиясының сайлау­ал­ды бағдарламасын жүзеге асыру мақ­сатын­да 2025 жылға дейін 103 ауыл мектебін жаңғырту жоспарланды. Биыл 22 мектепке ағымдағы жөндеу мен жаңа моди­фикацияланған кабинет сатып алу жұ­мыс­тары жүруде. 22 мек­тептің 21-де ағым­дағы жөндеу жұ­мыстары жүргізілді, 4 мектепте жөн­деу жұмыстары әлі аяқ­талған жоқ. Об­лыста 47 мектептен тыс ұйым­да қосым­ша біліммен 50 мың­ға жуық бала қамтылды. Мүмкіндігі шек­теулі балаларды түзету және қолдау үшін өңірде 19 арнайы мекеме жұмыс істейді.

Биылғы қаңтарда Ақтау қала­сында, Бейнеу ауданында мүм­кіндігі шектеулі балаларды ерте бастан анықтау және инклю­зивті білім беру мақсатында 2 пси­хологиялық консультация, Ақтау қа­ла­сынан 1 арнайы балабақша ашылды. Жалпыға міндетті білім қорынан әлеуметтік қолдауды қажет ететін отба­­сының 22 мыңнан астам баласына 25 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі, – дейді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының ай­туын­ша, техникалық және кәсіп­тік білім беру жү­йесіндегі 27 кол­­ледж­дің 12-сі жеке мен­шік. Бұл оқу орын­дарында 20 мыңға жуық студент білім алуда. «Жас маман» жобасы аясында 10 кол­ледж­дің мате­риал­­дық базасы жа­ңар­тылып, өткен жыл­­дың жел­тоқ­сан айында WorldSkills халық­­­аралық стандарттарына сәйкес 5 құ­зыреттілік орталығы ашылған, биыл 5 құзыреттілік орталығы мен оқу-жат­ты­ғу лагерлері ашылады. Сту­дент­тер де­се, жатақхана мәселесі алдан шы­ға­ды.

– Маңғыстау облысы бойынша кол­ледж­дерде барлығы 940 орындық 6 сту­­денттік жатақхана бар, онда 1 504 сту­­дент қамтылған, бірақ әлі де өңірде жа­тақха­наға қажеттілік 700 орынды құ­райды. Мәселені шешу үшін 2022 жы­лы NCOC компаниясы есебінен 500 орын­дық жатақхана салу жоспарлануда, дейді – С.Төлебаева.

Өңірдің білім саласында мә­селе же­­терлік. Жылдар бойы ше­шімін тап­паған және бір оқу жы­лында Ақтау қала­сында оқу­шылар санының бірден ­ 8 мың­ға артуы салдарынан мектеп же­ті­с­пеушілігі аяқасты пайда бола кет­кен мәселелер емес. Білім басқар­ма­сына, оның тізгінін жуырда ғана қо­лына алған жаңа басшыға тү­сер салмақ та, жүктелер міндет те көп.