• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2014

Оралда астық корпорациясының басшылары сотталды

274 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында  «БатысПоймаАгро» корпорациясының төрағасы Армат Ахметов7 жылға, астық қабылдау комбинатының құрылтайшысы Мұрат Жаркеев 8 жылға сотталды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. Оларға астықты  жасырын сатып, мемлекетке 601 млн. теңге шығын келтірді деген айып тағылған болатын. Тергеу барысында көктемгі дала жұмыстары үшін шаруа қожалығына бөлінген қаржының қолды болғаны мәлім болды. Ол бойынша бұл іске М. Жаркеевтің қатысы бары, яғни шаруаларға алдын ала қол қойғызып, егіс жұмыстарына керек қаржыны "БатысПоймаАгро" корпорациясының есеп-шотына аудартқызғаны анықталды.Кейін сол ақшаны «өз пайдасына жаратқан» екен. Сот үкімімен келіспеген қорғаушылардың айтуынша,  М.Жаркеевтің  кепілге қойған жеке дүние-мүлкінің бағасы берілген ақшадан бірнеше есе көп болуы себепті, оны «алаяқ» деп айтуға негіз жоқ... Дереккөз: «Астана» телеарнасы. Фото: News.nur.kz.