Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Биыл өңірдегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері 130 есірткі қылмысын тіркеді. Оның ішінде 85 өткізу фактісі, аса ірі мөлшерде сақтаудың 15 фактісі, контрабанданың 30 фактісі және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 2 фактісі тіркелген. Заңсыз айналымнан 106 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді», деді басқарма өкілі.
Қостанайдағы бөлімшелердің қызметкерлері күн сайын тыйым салынған психобелсенді заттарды жарнамалауға және сатуға тартылған сайттарды анықтау тұрғысынан интернет ресурстарға мониторинг жүргізеді. Анықталған ресурстарды бұғаттау туралы мәселені қарау үшін ҚР ІІМ КҚПД-ға орталықтандырылып жіберіледі.