Америкалық кәсіпқой боксшы Хосе Сепеда Пуэрто-Рико елінің атынан рингке көтерілген қарсыласы Хосуэ Варгасты бірінші раундта ауыр нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше өткен салмақ өлшеу рәсімінде Хосуэ Варгас Сепедаға жұдырығын ала жүгірген болатын. Оның осы әрекетіне қарап, жекпе-жекке психологиялық тұрғыдан дайын еместігін сезген едік. Тап солай болып шықты. Бүгін Сепеда оны бірінші раундта сұлатып салып, өзіне тиесілі WBC silver белбеуін сәтті қорғады.