• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Қазан, 2021

Украина билігіне «ескерту» жасады

279 рет
көрсетілді

Украинаның Түркиядан сатып алған қару-жарағы ендігәрі түркиялық болып есептелмейтінін айтты Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кез келген мемлекет бізден немесе басқа елден қандай да бір қорғаныс қаруын алған кезде, ол түркиялық, ресейлік немесе украиналық қару болуын тоқтатады. Яғни, мемлекет қаруды сатып алғаннан кейін ол сол елдікі болып танылады. Бізден сатып алған қару Түркияда өндірілгенімен, қазір Украинаға тиесілі. Сондықтан Түркияның атын қыстыра бергенді тоқтату керек деп ескертемін аталмыш елдің атқамінерлеріне», деді ол.