• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қараша, 2021

Өнегесі, тәлімі оқшау ойшыл...

342 рет
көрсетілді

Кейде алып бара жатқан шаруам болмаса да өзім тәлім алған Қазақ мемлекеттік университетіндегі журналистика факультетін жападан-жалғыз аралап қайтамын. «Шіркін, анау бір самала залдарда бір кездері қазақ журналистикасының ары мен абыройлары отырып еді-ау» деп ой теңізіне шым батқандай күй кешемін.

Иә, әр ұйымның, әр мекеменің, әр ортаның өзіндік айбарлы тұл­ғасы, оны өрге сүйрейтін азаматы болады. Журналистика факуль­теті үшін Тауман Салықбайұлы Амандосов сондай жан еді. Осы факультеттен түлеп ұшқан 1955 – 90 жылдар аралығындағы темір­қанат тілшілердің Амандо­совты ұмытуы мүмкін емес. Осыдан ат­тай отыз бес, қырық жылға ше­гі­ніс жасасақ, таңмен таласа уни­верситеттің далиған дәлізінде қиырдың бәрін қамтығысы келгендей, аяғын қаусыра сілтеп Таукең келе жатар еді. Студенттер бейне бір әміршімен жолыққандай, жапа-тармағай амандасады. Нағыз ұстазға деген құрмет осылай әр жү­ректен лайықты орын таба ал­ған адамға ғана көрсетілсе керек. Тауман ағай ешкімге мән бермей, толқынды тураған емен қайықтай сылтып басып, жөнеле береді. Ал жазатайым көңілі түскенде бозқырау басын ақырын ғана жәймен изеп, қасымыздан қал­қып өте шығатын сол бір сәттің өз қуанышы, жас жүректі елжіретер өз махаббаты болушы еді. Сол келісті келбет жанымыздан жанай өтіп, көз қиығымен бәрімізді аялай сипамағанына да біраз мезгіл болыпты-ау!

Жақсы адам өмірден өткеннен кейін оның кейбір сақи қасиеттері санада түлеп, әфсана-аңызға айналып, ақша бұлттай елін аралап кете барады екен. Еркелеткен, ұрысқан кездері есіңе түсіп сағынасың, жоқтайсың.

Қоңырау соғылысымен айт пен тойдағыдай шыттай киінген қалпында, омырауындағы қалта са­ғатының бауы жарқырап, абыздай алдымызда отыратын. Бір са­рынды, жанға жайлы, сылқи соқ­қан сенімді мотор үніндей жа­ғымды дауысы әлі құлағымызда тұр. Оның сабағында аудитория­да өлі тыныштық орнайды, тек 25 қаламның сырылы естілетін. Таукең лекциясын қағазға шұқ­шимай, шешендікпен төгілте баян­­дайтын, күні бұрын жазып алып, әбден тәкіралап оқыған адам да дәл ондай мүлткісіз сөй­лей алмас еді.

Аудиториядағы ұстаз отыра­тын үстелде үнемі жаңа газет төсе­ліп тұруын қалайтын. «Неге бұлай істейді екен?» деп бірнеше сабақ бойы бақылап жүрдім. Сөйтсек, газет төселмеген үстелдің үсті сан­сыз адамның тершең білекте­рімен шырыштанып, Таукеңнің крахмалданған шытырадай аппақ жеңдерін кірлетеді екен. Жалпы, Амандосов тізбегін әдемілеп, тұздық­тап, оқиғаға жан бітіріп, сөйлемдерге торқа кигізіп, төгіл­ді­ріп әңгімелеудің шебері еді. Кейбір көңілді күндері жылдар бойы кермек жас пен ащы тер қатар аққан маңдайының қыр­тыстары жазылып, жадырап шыға келетін. Таукеңнің осындай бусанған шағын пайдаланып, студенттер де еркін тыныстап, қалаған сұрағын тоғытатын. «Ағай, сіз жетпіске таяп қалсаңыз да жақсы киінесіз, жас кезіңізде жайтаңдаған сері болғансыз-ау»,  дейтін қыздар жағы қутыңдап. «Шалбары өмірі үтік көрмейтін, балағын сүйреткен кейбір бозымдардан мен артық емеспін бе?»  деп күлдіріп алып, өзінің мехнатты өмірінен үзік-үзік сырлар шертетін.

Аяулы ұстазымыз әсіресе, бала­лық жылдарын сөз еткенде, сол бір қасіретті шақтарын айтқысы келмегендей тұнжырап: «Көзімді ашқаннан бері мені тағдыр аяған жоқ. Есімді білер-білместе әке-шешем дүние салды. Жетімдер үйі, тігерге тұяқ қал­маған ақсүйек аштық, соғыс уақытындағы тылдағы ауыр еңбек, ғұмырымда бала болып ортекедей бір орғытып ойнатпады мені құрсау­лаған денсаулық. Ішер асқа, киер киімге жарымаған, өзі ақсақ бозбаланы қыздар не қылсын. Менің де етегімді жауып, елге ілескенім осы соңғы отыз-қырық жыл. Оның арғы жағындағы өмірімді Құдай ешкімнің басына бермесін. Сол бір аш-жалаңаш күй кешкен жастық шағымның есесін енді-енді қайтарғым келіп жүргенімді сендер қайдан білейін деп едіңдер», деп бет-әлпеті күреңітіп, бірауық үнсіз отырып қалатын.

Осы орайда қазақтың әйгі­лі ақыны, Амандосовтың аға-досы Хамит Ерғалиевтің естелігі­нен үзінді келтіре кетуді жөн көр­дім: «Өз анамның сүт кен­же­сі бол­ға­ным себепті бір құрсақ­тан іні ілестірудің қызығын құ­дай маған бұйыртпаған. Ал басқа інішектерімнің бірде-бі­реуі­нен кем көрмеген атасы бас­қалардың біреуі – осы Тау­ман Салықбайұлы Амандосов болды. Тіпті кейініректе, азамат жүгін әрқайсымыз өзімізше арқаласқан кезде жолықсақ та жан жарастығымыз солай қалыптасты. Екеуміз де жетімнен жетілген, адал жанның сарқытын Алланың несібесіндей қастерлеген, түнер­ген­нен түңіле де білген пендеміз. Сондықтан бізді түсіну оңайдың оңайы. Өзара шүйіркелесіп, іш ашысқанда арқандаулы аттай айналып табатын түп қазығы­мыздың төркіні осыған сая беретін. Шынында да ол аузын ашса көмейі көрінетін ақ пейіл, ойдағысын ірікпейтін барынша батыл, бір сөзді бітім болатын. Адамға қайырым-рақым істеудің риясыз жолын оған өз ба­сына түскен ауыртпалық танытты. Ол ұлағатты ұстаздың дә­ре­жесіне жетім бөбек шағында біреуі кесіліп қалған жалғыз аяқ­пен жанығып көтерілді. Сол кем­тарлықтың есесін ол ерлікпен, қызымыр білімдарлықпен қайтар­ды. Тауман дегенді біздер ақиқат һәм білім, әрі тәртіп деп ұғындық. Ағытылып кетсем, айтылар сыр көп. Сол көп естеліктен бір штрих: «Жасы алпысқа толғанда, Аты­рау қаласының теңіз жақ шетіндегі туған топырағына өзім бастап апарған едім. Бүлдіршін қалпында панасыз балалар үйі­не қабылданып, артынша сол ұя алысқа – Орал жағына көшіріл­ген ғой. Тауман туған жер топыра­ғына табаны тиген бойда түсі бұзылып: «Ата-анаңды бірдей жалмап, өзіңді құрта жаздаған қатыгез топырақтың қайда екенін, аты-жөнін біліп қайтесің деп тәрбиешіміз ұрысқан соң, мен сенен адасып қалдым, ат ізін салуға жарамадым, кеше гөр!»  деп машинадан түсе сала қара жерді бауырына басып жата қалғанда, солқылдап жылап жібергенде, қау­малаған халайық қатыгез заман заңынан жаратылған тәрбие­сымақты айыптап жатты...».

Иә, Хамаңның, Хамит Ерға­лиев­тің осы естелігін тебіренбей оқу мүмкін емес. Сөз арасында айта кетейік, ақын Сағи Жиен­баевтың жары Уәзипа да өз ес­те­лігінде: «Бір тойда «Қыз Жі­­­бек» кинофильміндегі «Ақжайық» әні орындалғанда про­фес­сор Тауман Амандосов аға­ның егіліп жылап жібергенін өз көзіммен көргенмін. «Көп болды Ақжайыққа бар­мағалы» деген жолдары аға көңілін босатып жіберсе керек», – деп жазған еді.

Қазақта «Қыран бүркіт қанша биік ұшқанымен, Көксеңгірге бір қонбай кетпейді» деген сөз бар. Сол тәрізді, Таукең де он­да­ған жылдар жырақ жүрсе де, туған жері – Атырауымен, Ақ­жайығымен есейе келе ажырамас­тай табысты.

Осыдан аттай алпыс жыл бұ­рын туған күні белгісіз, туу туралы куәлік дегенді өмірі көрмеген, бірақ туған жылы белгілі Тауман Амандосовқа 1961 жылы достары «Сен 1921 жылғы 5 желтоқсанда өмірге келдің» деп, өздері растап, куәландырған паспорт тапсырып, Таукеңнің қырық жасын бірге тойлайды.

Ақсақалдың бір қасиеті – біреу көңіліне ұнап, айтқанынан шықса, соған марқайып, әкесіндей қамқор болатын. Курстың ішіндегі ересегі болғасын ба, «алып кел, шауып келдің» шаруасына көбіне мені жұмсайтын. Мына бір күлкілі жағдай әлі есімнен кетпейді. Бір күні соңғы сабағымыз біткесін мені Таукең шақыртты. Барғанда айтқаны: «Ертең жексенбі ғой, біздің үйге ерте кел. Не шаруа екенін сонда айтамын», деді де қайтуға жинала бастады. Нағыз сайран салатын күні шақырғанын қарашы деп бір тұрдым да: «Қой, барайын, қырына ілініп қалармын»,  деп ертесіне ертелетіп үйіне жет­тім. Пәтердің есігі ашық тұрға­сын ішке кіріп, аяқ киімімді ше­шіп, сәлем бердім. Профессор залда­ғы диванда отыр, тізеден шорт кесілген, әбден қажалып қанталаған молақ сүйекті Мамыр шешеміз маймен сылап жатыр. Күпшектей протезі қасында тұр. Құдай деп айтайын, мен Таукеңнің бір аяғы тізеден жоқ деп ойламаппын, тобығы зақымданған шығар деп мән бермейтінмін. Секем алған түрімді көріп: «Өмір бойы осы шолақ аяқпен шартарапты шарлап жүрмін», деп әзілге бұрып, менің аянышты сезімімді су сепкендей басты.

Амандық-саулықтан кейін көзі күлімдеп: «Әй, Құлиев, жасың болса бірталайға келді, мен сені бұйырса үйлендірейін деп отырмын. Осында бәленбай жылдан көрші болған бір сырлас адамның алтын асықтай жалғыз қызы бар. Бес бөлмелі үйде әкесімен екеуі тұ­рады. Ата сақалың аузыңа түскен­ше жатақханада тентіремей соның үйіне кіріп ал. Қазір қыздың өзі де келеді, мен де құлаққағыс қылғанмын. Бүгін біздің саяжайға барып алма теріп, екеуің түсінісіп, қандай мәмілеге келгендеріңді маған айтыңдар!», деп қарап тұр. Соның арасынша спорт костюмін киген үлпершектей бір қыз кіріп келді.

«Мынау масқара ғой» деген мені сөйлетпей, екеумізді сая­жайға аттандырып жіберді. Көзін ашқалы орысша тәрбиеленген әлгі бар болғыр қазақша біл­ме­ге­ні­мен қоймай, менен әлем әдебиеті классиктерінің кейіпкер­лерін сұрап, зәремді ұшырды. Жөргегімнен қазақша ауызданған мен жунглиде болмаса, мына өмірде бұл қызбен отаса алмайтынымды түсіндім. Бірталай алма жинап беріп, рахметімді айтып, жолшыбай көліктен түсіп қалдым. Дүйсенбі күні Амандосов шақырып: «Иә, не тындырдыңдар, қол ұстастыңдар ма, баянда!» деді. Мен екеуміздің дүниетанымымыз, мінез-құлықтарымыз екі басқа екенін, тағдыр жазбағанын айтып ақтала бастадым. Арғы жағын тың­дамай: «Мен міндетімнен құтыл­дым, он жыл қой бағып, оқуға түсе алмай, ақыры дайындық бөлімі арқылы іліккеніңді естіп, жетекке алайын деп едім, көнбедің ғой, енді өзің біл», деп қолын бір сілтеді.

Бүгінде ойлап отырсам, жақсы ұядан шыққан тәрбиелі қызды менімен жұптастыруды көздеген аталық тілегі екен-ау марқұмның. Бірақ бұйырмас болмағасын қайтерсің!

Қалай дегенмен де, жастайынан жетімдіктің зарын тартқан Амандосов әке-шешесіз, жоқ-жі­тік, артынан келетін көмек тапшы студенттерді қамқорлауды өзінің басты парызы санағаны анық.

Ұлт кемеңгерлерінің бірі, дархан дарын Әбіш Кекілбайұлы былай дейді: «Тауман Салықбайұлын көрген сайын жарлы-жақыбай бәріміздің қалай ер жеткеніміз еске түседі. Оны ойласам, көз алдыма Амандосов ағайымыздың сыртынан жанына жан жуытпай, осқырынып тұратын оқшау бейнесі келеді. Сөйте тұра, әрқай­сымыздың жеке күйлерімізді іштей біліп, іштей күйзеліп тұратын ерекше мейірбандығы еске түседі. Жетім көрсе жебей жүру – оның тапжылмай қатаң ұстанатын қа­ғидасы екен. Университетте алдынан дәріс алған ұстаздарымның бәрін де құрмет тұтамын. Алайда бір кісіні бөліп айтқым келеді. Ол – Тауман Амандосов. Қазақ қалам­герлерінің талай буынының «өкіл әкесі». Университетіміздің екі бірдей факультетінің тізгінін ұзақ жыл ұстаған мызғымас «темір декан». Тауымның шағылмауына, жігерімнің жығылмауына Таукең­дей еңбек еткен адам кем де кем. Қазақ журналистикасының қаз басып, қанат қағуына орасан үлес қосқан азғантай ғұламалардың бірі. Адамгершілік жайындағы салиқалы сөздің қай-қайсысы да Тауман Амандосовты айналып өте алмайды. Өйткені ол мейірбандық пен меймандостықтың сирек өнегесі еді».

Иә, Әбіш Кекілбайұлы айт­қан­дай, Таукең өле-өлгенше адал­дық­тың, ізгіліктің туын жықпай өтті.

Екінші жер-жаһандық соғыс аяқталып, Таукең өміріндегі траге­диялық коллизиялар да бірте-бір­те ыдырап, енді оның алдынан ілім-білімге деген даңғыл жолдар ашыла берді. Төрт жыл газет ре­дак­циясының ұңғыл-шұңғылын жетік меңгерген тәжірибелі жігіт 1946 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеттің журналистика факультетіне оқуға қабылданады. Бірінші курстың алғашқы семестрін еңсеріп тастап, 2-курсқа өтетін талабын білдіріп өтініш жазғанда, факультеттің сол кездегі деканы Қайыржан Бек­хо­жин зерделі жастың талантын, қабілетін байқап, өтінішін қанағаттандырады. Сөйтіп, Таукең бір жылда 2-курсты тәмамдап, 1950 жылы университетті үздік бітіреді. Университет қабырғасында оқи жүріп, 1948-50 жылдары Пар­тия тарихы институтында кіші ғы­лыми қызметкер ретінде бірта­лай еңбектерді тәржімалауға қатысады.

1952-54 жылдары сырттай оқу бөлімдерінің проректоры, фи­ло­логия факультетінің деканы, 1959-71 жылдары журналис­тика факультетінің деканы қызметін атқарған Тауман Салықбайұлы оқу ордасының беделді бас­шы­­ларының бірі болды.

Талантты да тәжірибелі жас маман Амандосовтың журналистика факультетін ұйымдастырушы қайраткер ретіндегі саяси көреген­дігі әлі күнге дейін көп айтыла бермейді. Мұндай жанкешті жұмысты ол университет ректоры Төлеген Тәжібаевтің айрықша қолдауы арқылы жүзеге асырды, сондай-ақ Таукең Мәскеу, Ленинград, Киев журналистика факультеттері ұжымдарында жиі-жиі іссапарда бола жүріп, әлгі іргелі оқу орындарының бай тәжірибесін кеңінен қолдана білді.

Амандосов сан-салалық қыз­мет атқара жүріп, өзінің ең негіз­гі бағдары – ғылыми-зерттеу жұмы­сынан бір сәт те ажыраған жоқ. Алғашқы кандидаттық диссертациясына Мұхтар Әуезовтің өзі бас сарапшы болуы, ғұламаның өзі қабілетті шәкіртіне жоғары баға беруі біраз жайды аңғартпай ма? Көп ұзатпай, қазақ баспасөзіндегі публицистика дәстүрі бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Кезінде журналистика теориясы бойынша КСРО-дағы жеті профессордың бірі, Қазақстандағы тұңғыш журналис­тика теоретигі Тауман Амандосов Мәскеу, Ереван, Ташкент, Минск, Киев қалаларында өткен ғылыми конференцияларда публицистика мәселелерін жете талдай келіп, бұрынғы Одақ көлемінде жетекші ғалым ретінде кеңінен танылды.

Әйгілі ғалым жарты ғасырға жуық өмірін университет қабыр­ғасында өткізіп, жүзден астам ғылыми еңбек жариялады. Сон­дай-ақ оннан астам монографиясы мен «Қазақ баспасөзінің тарихы мен теориясы», «Қазақ баспасөзінің жанрлары», «Қазіргі қазақ публицистикасы» атты іргелі ғылыми еңбектері күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ.

Университет қабырғасында Амандосовпен бірге оқыған белгілі ғалым Шериаздан Елеукенов ағамыз да аяулы Таукеңді қимас­тықпен еске алады: «Бүгінгі егде жасымыздың биігінен қарағанда, Тәкеңді Тәкең дегізетін алдымен, биік кісілік, адамгершілік қа­сиеттері ме деп ойлаймын. Тәкең ондаған жылдар бойы Қазақ мемлекеттік университетінің білдей декандарының бірі болды. Жаңадан өзі құрған журна­листика факультетін іргелі факультеттердің қатарына қосты.

Мұхтар Әуезов секілді замана заңғарлары алдында, ғылыми ортада, министрлік, университет басшылығы шоғырланған жерлердегі қадірі, беделі қандай еді! Журналистика саласының мүддесі үшін қайда салсаң да, бұзып-жарып шығатын.

Амандосовтың бойында бірне­ше қабілет пен өнердің қоңсы қонғанына таңғалмасқа болмайды. Соғыстан кейінгі жылдары Мүсілім Абдуллин университетте хор ұйымдастырды. Мен ол кезде филология факультетінің орыс бөлімінде оқитынмын. Ептеп ән айтатын мен де хорға қатысатын болдым. Бірде хорға Тауман келді. Екеуміздің достығымыз, көңіл жарастыруымыз осы кезден басталды. Ол керемет әнші еді, даусы зор болатын. Мұхиттың әндерін, «Айдайды», «Бозжорғаны» әуеле­те шырқағанда бәріміз сілтідей тынып, Тауманды тыңдайтынбыз. Сол кездегі Абай атындағы опера және балет театры оны қанша рет қызметке шақырса да «жастық шағым онсыз да жоқшылықпен өтті, ендігі қалған ғұмырымды хәлау­лаймен өткізіп, мәнді өмір сүрмей-ақ қояйын» деп бармай қойды. Өз басым осындай ағалардың қасында ондаған жыл­дар бойы бірге жүріп, талай тағы­лым алғанымды тағдырымның тамаша сыйы санаймын».

Иә, Шериаздан ағаның жазға­нын­дай, тарлан тұлғаның сан қи­лы қасиеттерін достары мен тұс­тас­­тарынан асырып кім бағалай алар?!

Қалай дегенмен де, Тауман Салықбайұлы жаратылысынан кінәз, бекзат адам еді. Профессор Амандосовтан бізге мынадай мұн­таз қасиеттер мирас болып қалды: атап айтқанда, қарапайым ауызекі әңгіменің өзін бойына қан құйып, құйқылжытып, сұлу жеткізу, жас пен жасамысты оңай кіріктіріп жіберетін орынды әзіл, төрт құбылаң түгел болмаса да, келер күнге деген ұлы сенім, қандай ортада болмасын айналасындағыларға сәулесін түсіретін биік мәдениет...

Міне, осының бәрі шәкірт зер­десіне ұзақ жылдар себелеген ұстаз жүрегінің нұрлы жаңбырлары еді. Кейінгі жылдары журналистика факультетінің тең жартысынан көбі қыздар болып келетін. Аса бір дабыра қылып, сыртқа шығарып айтпаса да, осы бір мамандыққа қағылез, ылғи түртініп, ізденіп жүретін жігіттер көбірек болғанын қалайтын, марқұм. Өзінің алдынан өткен К.Қазыбаев. Қ.Смайылов, Ж.Аупбаев, Е.Смайылов, тағы бірнеше жер-жердегі қаламына қы­дыр ұялаған журналистерді біз­­ге үнемі үлгі етіп, аузынан тас­та­майтын. Амандосовты еске алсақ болды, көз алдымызға та­нап­қа дорбасынан дән шашып бара жатқан диқан елестейді. Ол жүрген жерінің бәріне ілім-бі­лімнің, іріліктің, достықтың, бауыр­малдықтың тұқымын егіп кететін.

Құдайға шүкір, қазақ жур­на­листикасының теориясы тари­хындағы тұңғыш тың көте­рушінің есімі шама-шарқынша ұлықталып келеді. Өзі туған Аты­рау қаласын­да Амандосов атындағы көше бар. Қазақстан Республикасы Үкі­метінің №200 қаулысымен 2005 жылғы 3 наурызда Атырау қаласындағы Кеңөзек орта мектебі «Т.С.Амандосов атындағы орта мектеп» деп аталды. Жыл сайын баспасөз күні Атырау облысының басылымдары мен бәйгеде оза шапқан журналистері Амандосов атындағы сыйлықтың иегері атанады.

2011 жылы 90 жылдық мерейтойына орай Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде түрлі апталықтар, еске алу рәуішті мәслихаттар ұйым­­­­дастырылып, осы мере­ке қар­­саңында «профессор Т.С.Аман­досов аудиториясы» ашылды. Сон­дай-ақ «Өнегелі өмір» сериясымен Тауман Аман­до­сов тура­лы естеліктер мен ғылыми мақа­лалар жинақталған кітап «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрді.

Айтулы тұлғаның биылғы 100 жылдық мерейтойына байланыс­ты бірталай игі шара жүзеге асары анық.

1946 жылы, дәл жиырма бес жасында Қазақ университетінің табалдырығынан мерейлене аттаған арманшыл жігіт, жақұттай жарқыраған елу жылын әйгілі білім Қағбасында қалдырып, кемел тәлімгер дәрежесіне көтеріліп, 1991 жылы мәйіті де осы қастерлі орда босағасынан шықты.

Абай айтқан «Асыл адам айнымас» деген осы-ау! Неткен сұлу ғұмыр!

Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»