• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тәуелсіздік 26 Қараша, 2021

Тілді ұмытпау – Тәуелсіздікті ұлықтау

532 рет
көрсетілді

Ел көсегесін көгертер бірнеше стратегиялық бағдарлама әзірленуде. Соның барлығы халықтың санасын, ақыл-ойын дамытып, рухани тұрғыда кемелдендіреді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының жемісі – жас буынның қалыптасып, өзіндік идеяларын жүзеге асыра алатын деңгейге жетуінде жатыр. Сондықтан жастар қоғам дамуының басты тіректері болуы керек. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» ұғымы, шын мәнінде, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулиды.

Қазақ жеті санын қасиетті деп білген. Бұл құндылық жеті қазына, жеті ата деген киелі ұғымдармен жалғаса береді. Ендеше, ұлттық тәрбиені жан-жақты насихаттаймыз десек, түпкі текті қозғаудың түрлі әдістерін ойластыру маңызды.

Ел, жер, тіл – барлығы да қазақ жанарының «қарашығы». Онсыз дүние қараң. Соның ішіндегі тіл – тікелей болмысқа әсер етіп, адамның арғы бастауларын оятады.

Тіліміздің қасиетін ұмытпайық, Тәуелсіздікті ұлықтайық!

 

Біржан АХМЕР,

ақын, «Дарын» мемлекеттік

жастар сыйлығының лауреаты