Елордада қазақ күресінен республикалық турнир өз мәресіне жетті. Жылдың ең үздік балуанын анықтауға арналған байрақты бәсекеге жыл көлемінде үздік өнер көрсеткен, рейтинг бойынша жоғары тұрған спортшылар ғана қатысты.
8 салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтаған балуандар бәсекесінде қызылордалық Бекжан Төлепов (55 кг), елордалық Ержан Еренқайыпов (60 кг), алматылық Армат Есқазиев (66 кг), Шығыс Қазақстан облысының өкілі Шалқыбек Рахметоллаев (74 кг), Жамбыл облысының спортшысы Айдар Бескемпіров (82 кг), шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг), қарағандылық Бекзат Ахметбеков (100 кг) және 100 килодан жоғары салмақта қызылордалық Мақсат Исағабылов жеңіске жетіп, жылдың үздік балуаны атанды.