• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Бокс 04 Желтоқсан, 2021

Жекпе-жек кейінге шегерілді

149 рет
көрсетілді

Орта салмақтағы IBF және IBO чемпио­ны қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA Super титу­лының иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасын­дағы жекпе-жек биыл өтпейтін болды.

Әу баста үш тұжырым бойынша чем­пион­­дық атақ сарапқа салынатын кездесу 29 желтоқсанда Жапонияда өтеді деп жос­парланған болатын. Алайда Жапония билі­гінің коронавирус пандемиясына байланыс­ты қабылдаған жаңа шектеулерінен кейін ұйымдастырушылар жекпе-жекті кейінге ше­геруге мәжбүр болды. Себебі елдегі жаңа қау­лының ережесі бойынша, енді шетел азамат­тары Жапонияға кіре алмайды. Бұл шара әлем­ді шарпыған коронавирустың «Омикрон» шта­мы таралмас үшін жасалған.

Ресми тұлғалар Геннадий Головкин үшін же­ңілдік сұрағанымен,  Жапония үкіметі оған ке­лісім бермеген. Кейіннен айқастың биыл өт­пей­тінін отандасымыз Геннадий Головкин де, Рио­­та Муратаның ісін жүргізетін Teiken про­моу­­тер­лік компаниясы да ресми түрде мәлімдеді