Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой боксшы ретіндегі мансабын 2006 жылы бастағаны белгілі. IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қай кезде де белсенді болған. Алайда 2021 жыл оның кәсіби мансабы үшін сәтсіз болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иә, отандасымыз 2019-2020 жылдары тек бір мәрте ғана кәсіпқой рингке көтеріліп, өзінің белсенділігін төмендетсе, 2021 жылы мүлде шаршы алаңға шықпайды. 29 желтоқсан күні Жапония астанасы Токиода Риота Муратаға қарсы өтуге тиіс шайқас карантинге байланысты кейінге шегерілді. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері алғаш рет күнтізбелік жылда жекпе-жексіз қалды. Келесі жылы 40 жасқа толатын чемпион үшін бұл жақсылықтың нышаны емес.