• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2021

«Egemen Qazaqstan» газетінің екі тілшісі байқау жеңімпазы атанды

287 рет
көрсетілді

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы байқаудың қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқаудың марапаттау рәсімінде сөз алған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров іс-шараның маңызына тоқталып, Алматыда ел бойынша ең үлкен журналистік пулдың бар екенін атап өтті.

Конкурстық сараптау комиссиясының құрамында Қазақстан журналистикасының академигі Валерий Жандәулетов, Қоғамдық кеңестің мүшесі, тәуелсіз журналист Сергей Пономарев, қалалық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Диас Есдәулетов болды. Байқау қорытындысы бойынша 20 журналист жеңімпаз деп танылды. Олардың қатарында біздің әріптестер де бар. Мәселен «Үздік жаңалық: Сараптамалық материал» аталымы бойынша егемендік Арман Октябрь жеңімпаздар қатарынан көрінсе, Алматыдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру саласындағы өзгерістерге арналған мақала жазған тілшілер ішінде Айнаш Есалының мерейі үстем болды.