• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Желтоқсан, 2021

«Төрттік финалдан» тыс қалды

247 рет
көрсетілді

Футзалдан Алматының «Қайраты» биылғы Чемпиондар лигасының элиталы кезеңінде сүрінді. Аталған жарыстың топтық турнирінде бір ойында жеңіске жетіп, бір матчта тең түсіп және бір кездесуде жеңілген жерлестеріміз «Төрттік финалға» шыға алмады.

А тобында «ВитЭн» (Беларусь), «Аньер-Вильнев» (Франция) және «Тюмень» (Ресей) командаларымен сынға түскен «Қайрат» бірінші турда «ВитЭн» ұжымынан 3:2 есебімен басым түсті. Бұл ойында алматылықтар сапынан Савио, Альберт Ақбалықов және Шыңғыс Есенаманов мергендік танытты. Кака шәкірттері кейінгі турда Францияның «Аньер-Вильнев» клубымен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ойында командалардың күш­тері тең болды – 3:3. «Қайрат» сапынан Эдсон бір гол салса, Диего дубльдің авторы атанды.

Шешуші турда «Қайрат» Ресейдің «Тю­мень» командасымен ойнады. Қазақстандық клубқа бұл ойында тек жеңіс қана керек еді. Себебі «Қайрат» жеңіске жеткен жағ­дайда ғана турнирдің бас жүлдесі үшін өтетін жарысқа жолдама ала алады. Алайда маңызды ойында Кака шәкірттері үш ұпай олжалай алмай, 3:2 есебімен жеңіліп қалды. Сөйтіп біздің топтан «Тюмень» келесі кезеңге шықты.