Кеше Иорданияның Амман қаласында үстел теннисінен ITTF World Hopes Week & Challenge турнирінің жалауы желбіреді. Жарысқа әлемнің әр түкпірінен жиналған дарынды жас спортшылар қатысуда.
Турнир ережесі бойынша, байрақты бәсекеде 20 ер, 20 қыз спортшы бақ сынайды. Оларға Ева Джелер (Аустралия), Золтан Баторфи (Мажарстан), Пачинте Осман (Мысыр), Матильда Экхольм (Швеция), Ахмед Әл-Моханнади (Қатар) сынды тәжірибелі бапкерлер бас-көз болып, ақыл-кеңесін айтады. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер таңдалып, ITTF Hopes өз командасын жасақтап шығарады. Бұл турнирде Қазақстан намысын 12 жастағы ақтаулық Аққу Темірханова қорғайды.