• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 10 Желтоқсан, 2021

Плей-оффқа шыға алмады

183 рет
көрсетілді

Футболдан Чемпиондар лигасы тур­нирінің топтық кезеңдегі ойындары өз мәресіне жетіп, аталған жарыстың плей-офф сатысы мен Еуропа лигасына жолдама алған командалар анық­талды.

Е тобындағы бірде-бір ойында жеңілмеген «Бавария» бұл жолы «Барселонадан» басым түсіп (3:0), Каталония клубын Еуропа лигасына түсіріп жіберді. Испаниялық ұжым кейінгі 21 жылда бірінші рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмады. Ал Киевтің «Динамосын» 2:0 есебімен жеңген «Бенфика» топта екінші орынға жайғасты. F тобында мерзімінен бұрын 1/8 финалға шығып қойған «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Янг Бойзбен» тең ойнады – 1:1. «Аталанта» мен «Вильярреал» арасындағы ойын ауа райына байланысты бір күн кейінге шегерілді.

G тобында «Лилль» қонақта «Вольфсбургті» жеңіп (3:1), 1-орынмен 1/8 финалға өтті. «Зальцбург» өз алаңында «Се­вильяны» (1:0) қапы қалдырып, екінші орын­мен келесі сатыға шықты. Н тобында «Челси» Санкт-Петербургте «Зенитпен» тең түссе (3:3), «Ювентус» Туринде «Мальмёні» 1:0 есебімен жеңді. Осылайша, турнирдің 1/8 фина­лына шыққан кешегі 12 команданың қатарына «Бенфика», «Лилль», «Зальцбург» клубтары қосылды. Соңғы 16-шы жолдаманы «Аталанта» мен «Вильярреал» сарапқа салады.