• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2014

Бизнеске береке берер бағдарлама болуы тиіс

244 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Серік Ахметов индустрияландыру жоспарларына сәйкес «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жандандыру қажет деп санайды. Осыған орай ол кеше аталмыш бағдарламаның жүзеге асырылу барысы қаралған Үкімет отырысында Өңірлік даму министрлігіне тапсырма берді. Үкімет отырысында бағ­дарламаның бүгінгі жай-жапсарын Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев баяндаған болатын. Министрдің мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылдан 2013 жылға дейін «Бизнестің жол картасын» орындауға республикалық бюджеттен 132,1 млрд. теңге бөлінсе, оның 53,3 млрд. теңгесі 2013 жылға қарастырылған болатын. «Бүгінгі күнге бағдарлама шеңберінде 77 763 кәсіпкер қолдаудың барлық түрлерімен қамтылған. Нәтижесінде 229 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, қолдауға ие болды. Қазір экономикадағы әрбір бесінші жаңа жұмыс орны бағдарлама шеңберінде құрылған», деп атап өтті Б.Жәмішев. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».     Министр «Бизнестің жол картасы» кәсіпкерлікті қол­даудың ең сұранысқа ие бағ­дарламасына айналғанын баса айтты. Б.Жәмішев, сонымен қатар, бағдарлама барысында кәсіпкерлер субсидиялау және екінші деңгейлі банк несиелері бойынша кепілдендіру түрінде, жаңа бизнес идеяларға гранттар алу, инфрақұрылымдар жүр­гізуге, сондай-ақ, шетелдерде оқу мен тәжірибеден өту­­­ге, сер­вис­тік қолдау мен маман­дан­ды­рылған консалтинг бойынша қолдаудың ауқымды құралдарын алу мүмкіндігіне ие болғандығын жеткізді. Бұдан басқа, министр бағдарламаның осы жылғы орындалуы туралы баяндады. Өңірлік даму министрлігі кү­шін «Бизнестің жол картасын» қолдау құралдары бойынша ақ­параттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруға шоғырландырады, сондай-ақ, барлық аудан орталық­тары мен шағын қалаларда кәсіп­керлікті қолдау орталықтарын ашу жоспарлануда. Мұнымен қа­тар, «Даму» қорымен бірге АӨК-ті индустриялық аймақтар және бизнес-инкубаторлар құру мен дамыту бойынша операторлар ретінде тарту ойластырылуда екен. Б.Жәмішев, сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына кәсіпкерлерді белсенді түрде тартуды ұсынды. «Жалпы, жер-жерлердегі бағ­дарламаны тиімді жүзеге асыру әкімдіктердің әрекетіне байланысты. Сондықтан, біз әкім­діктерге кәсіпкерлік әлеуеті бар тұлғаларды және шағын бизнес субъектілерін бағдарламаға белсенді түрде тарту бойынша жұмыс жүргізуді ұсынамыз, бі­рін­­ші кезекте мемлекеттік қол­дау көр­сетілмеген кәсіп­кер­лерді қар­жы­лай қолдау көрсету шарала­ры­мен қамту қажет», деді министр.Сондай-ақ, министр жергілікті атқарушы органдардың басшы­­­­лығына несиелерді субсидиялаудан бөлек БЖК басқа құралдары бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін алға тартты. Отырыста бірқатар облыс әкімдері, «Даму» қоры басқарма төрайымы Ләззат Ибра­гимова, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева сөйледі. Талқылауды түйіндей келе, Премьер-Министр бағдар­ла­ма­ның орындалуы жаман емес­тігін және жұмыстың дұрыс бағыт­та өрбіп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, С.Ахметов Өңір­лік даму ми­нистрлігіне бағ­дар­ламаны орындау сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. «Бизнестің жол картасы-­2020» бағдарламасының бар­лық әле­уетін пайдалану қажет. Бұл бағдарлама 100 пайыз иге­рі­луі тиіс», деді Премь­ер-­Ми­нистр. Мұнымен қатар, Үкі­­мет басшы­сы Өңірлік даму ми­­нис­тр­­лі­гіне да­мудың үдемелі ин­­дус­­трия­лық-инновациялық мем­­ле­­кеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын қалып­­­тас­тыруды есепке алып, бағдар­ламаны одан әрі жетілдіру, маңы­зын арттыру бойынша ұсыныс дайындау жөнінде нұсқау берді. Премьер-Министр, сондай-ақ, өкілетті органдарға бірқатар басқа да тапсырмалар беріп, олар­дың орындалу мерзімдерін белгіледі.