• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Президент 13 Желтоқсан, 2021

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

5791 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Әшімов Әкім Ұртайұлы – жазушы, Нұр-Сұлтан қаласы.           

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Төлетаев Мұхтар Есенжанұлы –  «Онкология орталығы» МКК бас дәрігері, Нұр-Сұлтан қаласы

Хмелев Александр Леонидович – «Казцинк» ЖШС бас директоры, Шығыс Қазақстан облысы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 13 желтоқсан

№ 711