• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Пікір 14 Желтоқсан, 2021

Бірлігі бар ел озады

686 рет
көрсетілді

Елдің межелі, мерейлі жылы болады. Міне, биыл – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 30 жылдығы. Бұл өткен жолымызға зер сала қарайтын, өзімізге де, жетістіктерімізге де есеп беретін тұсымыз.

Осы орайда, Елбасы Н.Ә.Назар­­баев­тың «Тәуелсіздік тағы­лы­мы» атты мақаласын бар­ша­­мыз шын ықыласпен оқып, өзіміз ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­­дық мерейтой қарсаңында әлем­­дік өркениеттің алдыңғы шебі, дүниедегі дамыған елдер­дің қатарына қосылғанын мақ­таныш­пен сезініп отырмыз. Тәуел­сіз Қазақстан үшін ол – үл­кен белес, асқаралы асу. Автор мұн­дайға тек рухы күшті, бірлігі бекем жұрт қана қол жеткізе алатынын атап өтті.

Нұрсұлтан Әбішұлы бұрын көп ай­тыла бермейтін кейбір д­ерек­ті ха­лықтың назарына ұсынды.

Кеңес Одағы тоқырау кезінде жоғары билік бекіткен жоспар мен қосып жазуға негізделген кеңестік экономика, жалаң ой, жадағай пікірлі коммунистік идео­­логия қоғам дамуын тығы­рық­қа тіреді. Елбасы ел экономикасында орын алған мүшкіл халді Қарағанды облыстық партия ко­ми­тетінде басшылық қызмет ат­қарған 70-жылдардың соңында айқын аңғара бастағанын, Қазақ КСР Үкіметінің басшылығына тағайындалған 80-жылдары жағдай тіпті асқынып тұрғанын еске алды. М.С.Горбачевтің «қай­та құруы» тоқырауға белше­сі­­нен батқаннан кейін Одақ құ­ра­мындағы 15 республика тү­гел­дей өз егемендігін жариялады. Осылайша, 1991 жылдың 1 жел­тоқсанында ел тарихындағы Тұң­ғыш президенттік сайлау өткізіліп, онда халықтың 98%-дан астамы Н.Назарбаевқа қолдау білдірді.

Көптен күткен күн туып, Жоғарғы Кеңестің 1991 жылғы 14 желтоқсанында өткен 12-ша­қы­рылған 7-сессиясының тал­қы­лауына «Қазақстанның мем­лекеттік тәуелсіздігі туралы» Конс­титуциялық заң жобасы шы­ға­рылып, 16 желтоқсанда көп­шілік дауыспен қабылданды. Бұл кезде Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлі зор екенін айта кетуіміз қажет. Бұл бәріміз көптен күткен айшықты мезет, тарихи оқиға еді. Біз тәуелсіздікке бейбіт жолмен қол жеткізсек те, оған барар жол­да бабалар қаны аз төгілген жоқ. Тәуелсіздік сол киелі қан­ның өтеуі еді. Елбасы мұның бә­рін біз сенген, тәрбиелеген бү­гін­гі жас ұрпақ білсін, санасы­на сі­ңір­сін деп жазып отыр.

«Тәуелсіздікті жариялау оңай емес, оны бүкіл әлемге мойындату одан да қиын еді», деп жазған Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан тәуелсіздігінің осындай биік деңгейде мойындалуын да алдын ала ойластырып қойғанына арнайы тоқталды.

«Ынтымағы жарасқан елдің табысы тасып, абыройы асады. Берекесі қашқан елдің қуаты кеміп, құты қашады. Отыз жыл ішінде біз ғасырларға бергісіз даму жолынан өттік. Ауыз толтырып айтар табыстарымыз да аз емес», деді Елбасы.

Тәуелсіздік жариялаған соң жүйелі саяси реформалар қолға алынды. Осыдан жиырма бес жыл бұрын бүгінгі бар­лық жетістіктерімізге берік заң­намалық іргетас болып қа­ланған Ата Заңымыз – жаңа Конс­ти­ту­циямыз қабылданды. Бүкіл халық болып талқылаған бұл құжат ел даналығы мен ынты­мағының, береке-бірліктің ірге­тасына айналды.

Тәуелсіз еліміздің басты бай­лығы – адам. Мемлекетіміздің тір­е­гі де, алтын діңгегі де – Қа­зақ­­­стан халқы. Елбасы бо­йын­­да­­ғы қуат, қызметіндегі тәжі­ри­бе, ойындағы нәр – бәрі-бәрін хал­­қы­на қызмет етуге жұмсап келеді.

Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуат­ты, саяси жүйесі тұрақты, мәр­тебесі биік, абыройы асқақ Қазақ­станның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенетінін атап өтті.

Елбасымыздың «Тәуелсіз­діктің мән-мағынасы туралы түрлі ғылым өкілдері өзінше тұжырым жасайтыны анық. Бірақ бір нәрсе ақиқат, ол – ата-бабаларымыздың азаттық жо­лындағы жан алысып, жан беріс­кен сан ғасырлық күресінің заңды жалғасы, халықаралық құ­жат­­тармен бекітіліп, мәңгі­лікке берілген сыйы» деген қанат­ты сөзі бар. Біз қанын да, жаны­н да қиып, жерін қорғаған баба­лары­мыздың алдында мәңгілік қарыздармыз!

Енді бүгінде азат ел болған тұсымызда еселі еңбегімізбен, отан­сүйгіш қасиетімізбен Тәуел­сіз Қазақстанымызға қызмет етуіміз керек!

 

Асқарбек ҮЙСІМБАЕВ,

Мәжіліс депутаты