• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экология 17 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда «Түркістан сілеусіні» фототұзаққа түсті

742 рет
көрсетілді

Орталық Азияда ғана кездесетін «Түркістан сілеусіні» ҚР ЭГТРМ қарасты Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі қызметкерлері тарапынан қойылған фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл жануарды 1904 жылы Ричард Лидеккер анықтап, Lynx lynx wardi деген ғылыми атау берген. Кәдуәігі сілеусін тұқымдас «Түркістан сілеусіні» негізінен таулы өлкелер мен орманды жерлерді мекендейді. Lynx lynx isabellinus деген де атауы бар бұл аң еліміздің «Қызыл кітабына» енген.

Тарихқа сүйенсек, сілеусіннің бұл түрін 1976 жылдан бастап аулауға тыйым салынған», деп жазылған Экология министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпратта.