Лас-Вегас полициясының өкілі Ларри Хэдфилд UFC-дің бұрынғы жауынгері Чейл Сонненнің қонақ үй маңындағы ұрыс-керіс кезінде бес адамды ұрып-соққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Аралас жекпе-жек шеберіне адамдарды соққыға жыққаны үшін айыппұл салынды. Ұрыс-керіс полиция қызметкері жоқ кезде орын алғандықтан Соннелді қамаққа алу операциясы жүргізілген жоқ», делінген мәлімдемеде.