Жақында Алматы метросы «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» станцияларымен толығады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жаңа жыл қарсаңында Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жолайрықтар ашылды. Абай даңғылы бойымен Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейін және одан әрі қаланың батыс шекарасына дейін көптен күткен өтпелі жол ашылды. Жақын арада «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» станциялары техникалық іске қосылады», деп хабарлады мәслихаттың баспасөз қызметі.
Қала мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров кіші Алматы өзені мен Тиксай өзені арнасының бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы реконструкцияланғанын, Есентай өзенінің бойында қалалықтар үшін рекреациялық аймақтың құрылысы жалғасып жатқанын хабарлады.