• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Желтоқсан, 2021

Алматыда 36 мәдени бірлестік жұмыс істейді

332 рет
көрсетілді

Алматыда жаңадан ашылған қалалық Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесу өтті.

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесуде мегаполисте қоғамдық келісімді дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Достық үйінің жұмысын дамыту мәселелері, қаланың ҚХА-ның перспективалық бағыттары, мәдени-гуманитарлық және қайырымдылық салаларындағы ықтимал жобалар талқыланды.

Кездесуде 2022-2023 жылдарға арналған Алматы қаласы тұрғындарының этникалық топтары арасында мәдениетаралық коммуникацияны, өзара іс-қимыл мен интеграцияны одан әрі дамыту жөніндегі жұмыс тұжырымдамасы ұсынылды. Кездесуге қатысушылардың пікірін ескере отырып, құжат жобасына толықтырулар енгізілетін болады.

Е.Бабақұмаров қаланың этномәдени бірлестіктері қалай орналасқандығымен танысты. Олардың саны Алматыда - 36. Кең ғимаратта дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау үшін барлық жағдайлар жасалған. Мұнда 24 кабинет, конференц-зал, тіл сыныбы, би залы, медиация және қоғамдық келісім кеңесі кабинеттері, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмесі бар.

Кездесу соңында Е.Бабақұмаров этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелеріне этносаралық қатынастарды дамытуға және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар тапсырды.