9 қаңтардан бастап Израиль билігі вакцинацияланған және коронавирус дертімен ауырған шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz аталмыш елдің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Премьер - министр мен сыртқы істер, денсаулық сақтау, ішкі істер, туризм және көлік министрліктері 9 қаңтардан бастап мәртебесі «сары» елдерден вакцинацияланған және коронавируспен ілгеріде ауырған шетелдіктердің елге кіруіне рұқсат береміз деген қорытындыға келді», делінген ведомство хабарламасында.