Аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген кубалық кәсіпқой боксшы Луис Ортис әлемнің бұрынғы чемпионы Чарльз Мартинді жеңгеннен кейін маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мықтылардың барлығымен шайқасуға әзірмін. Мәселен, Энди Руиспен кездескім келеді. Сондай-ақ Диллиан Уайтпен де жұдырықтасуға дайынмын. Александр Усик пен Энтони Джошуа шаршы алаңда кім мықтыны анықтайды. Сондықтан әзірге олардың атын атағым келмейді. Мен мықтылардың кез келгеніне қарсы өз шеберлігімді көрсеткім келеді. Өзіме деген сенімімді жоғалтқан емеспін. Сондықтан келесі қарсыласым әлем чемпионы атағынан үміті бар мықтылардың бірі болғанын қалаймын», дейді боксшы.