Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы екі аптадан соң Нидерландта жалауы желбірейтін Еуропа чемпионатына дайындығын бастады. Елордадағы жаттығу жиынына 15 футзалшы шақырылған.
Рикардо Кака бастаған жаттықтырушылар штабы 2022 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Оқу-жаттығу жиынынан соң нақты тізімге 14 ойыншы енеді. Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландта өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Словения, Финляндия және Италиямен сынға түседі.
Футзалдан Қазақстан құрамасына шақырылған ойыншылар: қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»).
Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Эль-Посо», Испания), Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (барлығы – «Қайрат»), Арнольд Кнауб («Динамо Самара», Ресей), Лео («Норильский никель», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Азат Валиуллин («Аят»), Жомарт Тоқаев, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де – «Атырау»).