• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2022

Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

402 рет
көрсетілді

Көлік полициясы қызметкерлері Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуежайдың полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде іздеу салынған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Авиациялық қауіпсіздік қызметі өкілдерімен бірлесіп, металл іздеу құрылғылары арқылы тексеріс жүргізіліп жатыр. Қазір терминалға кіруге тек ұшатын жолаушыларға рұқсат берілген. Жолаушылар мен олардың жүктері тексеріледі», деді полиция подполковнигі.

Сондай-ақ, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР көші-қон заңнамасы талаптарын сақтауына бақылау күшейтілгені айтылды.

«Қазір еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсармағанын, керісінше, күн сайын СОVІD-19 жұқтырғандар саны артып отырғанын айтқымыз келеді. Сондықтан азаматтарға әуежай мен басқа да қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын қолдануды сұраймыз», деді Алматы әуежайындағы желілік Полиция бөлімінің бастығы Талғат Тәліпов.

Полиция қызметкері жолаушылардан құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және оларға көмек көрсетуді сұрады.