Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Еркінұлы Дәуешов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.