ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Ресей Мемлекеттік думасының ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитет отырысында Тәжікстанға төнуі мүмкін қауіптің алдын алуға көмек көрсету қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҰҚШҰ Бас хатшысы депутаттарға ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздігінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия өңірлеріндегі ахуалы туралы хабардар етіп, Ауғанстан аумағынан төнетін қатер жайлы айтты. Станислав Зась ықтимал қауіпті тежеу үшін Тәжікстанға көмек көрсету қажеттігін ескертті», делінген хабарламада.
С.Зась депутаттарға Қазақстандағы бітімгерлерлік операциялардың қорытындысы туралы да хабарлады.