«Аттика одос» ұлттық тас жолында қалың қардың салдарынан бес мың жүргізуші қалып қойған. Олардың көбісі қар құрсауында 12 сағаттан астам уақыт тұрған, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.
Автомобиль жолында бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болған. Грекия билігі «Аттика одостағы» жүздеген көліктерді қар құрсауынан құтқару бойынша ауқымды операцияға кіріскені туралы Азаматтық қорғаныс министрі Христос Стиланидис хабарлады.
Операция өрт сөндіру қызметінің, полицияның қатысуымен және қарулы күштердің, сондай-ақ еріктілердің үлкен көмегімен жүзеге асырылып жатыр.
«Алғашқы үш сағат ішінде жүзге жуық жүргізуші көмектесті», делінген басылым таратқан ақпаратта.
Бұл күні жүргізушілерге тамақ пен су беріліп, оларды қауіпсіз жерлерге тасымалдау ұйымдастырылған. Оқиға орнынан жедел ақпарат таратқан бірнеше журналист те қар құрсауында қалып қойған.
Әлеуметтік желілерде кейбір жүргізушілер 14 сағат бойы қар құрсауында тұрғаны туралы хабарламалар да тарады.