Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварестің бапкері боксшының 2022 жылға арналған жоспары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info.-ға сілтеме жасап.
«Біз осы жылы екі мәрте шаршы алаңға көтерілуді жоспарлап отырмыз. Мамыр және қыркүйек айларында «Канело» бокс жанкүйерлеріне тамаша шоу ұсынады. Сауль алғашқы шайқасын АҚШ төрінде өткізеді. Екінші жекпе-жекте Мексикадағы «Azteca» стадионында рингке шықса деген ниетіміз бар. Әрине, Мехикода мұндай бокс кешін ұйымдастыру мүмкін бе деген сауал туындайды. Оны енді уақыт көрсете жатар», дейді бапкер өз ойын түйіндеп.