Қазіргі таңда ауа ластануы өзекті мәселелердің бірі. Оның салдарынан 7 миллионға жуық адам қаза тапқан. Алайда, әлемдік пандемия COVID-19 кезеңінде ауаның тазара бастағаны байқалған, деп жазады Egemen.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.
Қоршаған ортаға зиян келтірудің көп таралған түрлерінің бірі – ауа ластануы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша жыл сайын әлемде ауа ластануынан жеті миллионға жуық адам қайтыс болады. Сонымен қатар, ДДСҰ статистикасы бойынша 10 адамның 9-ы құрамы лас заттар нормасынан асатын ауамен тыныс алатындығы айқындалды.
Елеулі өзгеріс
Адамның күнделікті іс-әрекеттерінің бірі - көлік транспортын пайдалану. Ол сейкесінше жанармай шығындалуы мен СО2 газының бөлініп, ауа құрамына кері әсер етуіне әкеліп соғады.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәлімдеуінше, карантиннің салдарынан әлемдегі транспорт белсенділігі 2019-жылмен салыстырғанда 50%-ға төмендеген. Осы фактор арқасында ауа сапасы айтарлықтай жақсарды.
Жансая Рысбек,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті.