• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Ақпан, 2022

Абылайхан кәсіпқой боксқа ауысты

250 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрама команда­сының капитаны, әлем чемпионатының үш мәрте қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов кәсіп­қой рингте бақ сынап көрмекші. Таяуда ол Suleimen Promotions промоутерлік компания­сымен келісімшартқа қол қойды.

Suleimen Promotions компаниясының ресми өкілі Instagram парақшасында атақты боксшы туралы жылы жазба қалдырды. Онда: «Suleimen Team-ға қош келдіңіз! Абылайхан Жүсіповпен келісімшартқа қол қойылғаны туралы ресми түрде жариялаймыз! Абылайхан, жеңістерге оңай қол жеткізсін, ал әрбір қойылған мақсат шындыққа айналсын! Сенің басынан аяғына дейін барлық жолдан өте алатыныңа сенімдіміз, біздің команда саған әлем чемпионы атағын жеңіп алуға көмектеседі!» – деген үміт пен сенімге толы сөздер бар.

Еске салар болсақ, жиырма бес жастағы Абылайхан Жүсіпов 2020 жылдың қазан айында Атырау қаласында өткен бокс кешінде кәсіпқой рингке алғаш рет көтеріліп, танзаниялық былғары қолғап шебері Мешак Мванкемваны (21-7-2, 13 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

 

Қарағанды облысы

 

Соңғы жаңалықтар