Уфа қаласында «Салават Юлаев» командасы Құрлықтық хоккей лигасының соңғы кездесуінде «Торпедо» (Нижегород) клубын 2:1 есебімен ұтып, Гагарин кубогының ширек финалында Астананың «Барыс» хоккейшілерінің қарсыласы болып анықталды. Ал «Салават Юлаев» пен «Торпедо» командаларының арасындағы жалпы есеп 4:3 болып тіркелді. Бұл туралы «Барыс» ХК хабарлады.
Енді «Барыс» пен Башқұртстан клубының арасындағы алғашқы ойындар Астанада 21-22 наурыз күндері өтеді. Бұл командалар Құрлықтық хоккей лигасы аясында 18 рет кездесті. Ол бойынша жеті ойында «Барыс», ал ойынның 11-ші кезегінде «Салават Юлаев» жеңіске жетті. Сондай-ақ, олар биылғы маусымда екі ойын өткізген болатын. Астанада «Барыс» қарсыласын 3:2 есебімен ұтты. Уфада «Салават Юлаев» біздің хоккейшілерден 6:3 есебімен басым түсті.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: www.hc.barys.kz.
Фото: www.hc.barys.kz