• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Ақпан, 2022

Гранттардың көлемі ұлғайды

1232 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысының халыққа көрсетілетін жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын орындады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Тапсырмаларды орындау шеңберінде биыл 7 ақпанда «Халықты жұмыспен қамтуға жәр­демдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы  516 бұй­рығына және Кәсіпкерлік бас­тама­­шылыққа жәрдемдесу жөнін­дегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) өзгерістер енгізілді.

2016 жылғы бұйрыққа енгізіле­тін өзгерістер аясында жастарға және халықтың әлеуметтік осал топ­тарына берілетін бизнесті дамы­туға арналған гранттар көлемін 400 АЕК-ке дейін (2022 жылы – 1,2 млн теңге) ұлғайту көзделген.

Гранттар беру жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын өз ісін ашу үшін бастапқы құралдармен қамтамасыз етеді. Осы жылы барлығы 20 мың адамды гранттармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қағидаларға енгізілген өзгеріс­термен жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысатын жас мамандардың жалақы мөлшерін 30 АЕК-ке дейін ұлғайту, сондай-ақ жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімдерін тиісінше 12 және 18 айға дейін ұлғайту көзделеді.

Бұл өзгерістер жастардың алған мамандығы бойынша жұмыс орнына сәтті бейімделуіне және бекітілуіне ықпал етеді.

Ағымдағы жылы жастар практикасына кемінде 22 мың адамды жіберу, сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны» жобасына кемінде 3 мың жастың қатысуын ұйым­дастыру жоспарлануда.