11 ақпанда Оңтүстік Кореяның Йосу қаласында мұнай-химия зауытында болған жарылыс салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағы төрт жұмысшы жарақат алды. Олар ауруханаға жатқызылды.
Жарылыс ел астанасы Сеулден 320 шақырым жерде орналасқан Yeochun NCC Co зауытында жергілікті уақыт бойынша сағат 9:26-да болған.
Өрт сөндірушілер жарылыс зауыттың жылу алмасу жүйесін сынақтан өткізу кезінде болды деп болжайды. Қазір тәртіп сақшылары жарылыстың нақты себебін анықтауда.