• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Өнер 11 Ақпан, 2022

Ғабит Мүсірепов театрының директоры ауысты

791 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыға барған сапарында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Алматы қаласына жасаған іссапар барысында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бардым. Театрдың жұмысымен танысып, Есеналиев Талғат Қамқабайұлын аталған мәдени нысанның директоры қызметіне тағайындадым. Бүгінге дейін осы театрдың ілгерілеп, дамуына айтарлықтай еңбек сіңірген үшін Сұрапбаев Азамат Сатыбалдыұлына алғысымды білдіремін. Ал Талғат Қамқабайұлына алдағы жауапты қызметте сәттілік тілеймін», деп жазды министр.