Алматы қаласында ауа райы қыстың соңғы айы аяқталғанша мың құбылады. Аяз, тұман, көктайғақ болып, жауын-шашын молынан түседі, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«112 sms хабарламаларына мұқият қарауды, автокөлік жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтауды, жылдамдықты азайтуды, қашықтықты сақтауды, кенеттен жасалатын маневрлерден аулақ болуды сұраймыз. Жолдың жүру бөлігінде және тротуарларда көктайғақ пайда болғанда жаяу жүргіншілер сақ болуы керек», делінген Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.