• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Ақпан, 2022

SARS-COV-2: Коронавирустың жаңа штамы анықталды

339 рет
көрсетілді

Британдық эпидемиологтар SARS-COV-2 вирусының жаңа мутацияланған штамының анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ғалымдардың айтуынша, геномда «омикрон» штамында да, «дельта» штамында да бар элементтер табылған. Осылайша штамм «дельтакрон» деп аталды. Зерттеушілер мутация бір уақытта екі штамды жұқтырған адамда пайда болды деп болжайды. Сарапшылар дүрбелеңнің қажеті жоқ деп санайды, жаңа штаммен инфекция жағдайлары өте аз, ал популяцияда «дельтаға» да, «омикронға» да ұжымдық иммунитет жартылай қалыптасқан.

Ал, ресейлік ғалымдар коронавирустың жаңа мутацияланған штамдарына қарсы поливалентті вакцина қажет деп санайды.

«Коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуымен күресу үшін бізге барлық белгілі және ықтимал қауіпті штамдарға қарсы поливалентті вакциналар қажет. Егер біз тұмау вирусын мысалға алсақ, қазір төрт валентті вакциналар кеңінен қолданылады: А вирусының екі серотипіне және В вирусының екеуіне қарсы», дейді Мәскеу физика-техникалық институтының геномдық инженерия зертханасының жетекшісі Павел Волчков.

Сонымен қатар эпидемиологтар мен ғалымдар қолданыстағы вакциналардың негізінде жасалған жаңа екпелерді тіркеу және сынақтан өткізуді жеңілдетуге шақырды.