• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 17 Ақпан, 2022

Хабиб Фьюри-Нганну кездесуіне қатысты пікір білдірді

410 рет
көрсетілді

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Тайсон Фьюри мен ауыр салмақтағы UFC чемпионы Фрэнсис Нганну арасындағы өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

«Егер олар аралас жекпе-жек ережесі бойынша жекпе-жекке шықса, Фьюридің мүмкіндігі тым төмен болады. Ал бокс ережесі негізінде ұйымдастырылса, онда Нганнудың мүмкіндігі жоқ. Нганну түгілі кәсіпқой боксшылардың өзі Фьюриге соққысын дарыта алмайды. Тек Александр Усик қана Фьюриге лайықты қарсылас атана алады. Меніңше Нганну аралас жекпе-жек әлемінде қалуы керек. Алайда оның кәсіпқой бокс арқылы қомақты қаражат жасайтын мүмкіндігі болса, бас тартпағаны ләзім. Мәселен, 50-60 миллион доллар табыс тауып жатса, неге бас тартуы керек?» деді Хабиб Нурмагомедов өз ойымен бөлісіп.