• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2014

Шығыс Қазақстан облысында үйлерді су басып жатыр

281 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы  үш елді мекенді су ала бастағаны белгілі болды. Бұл туралы YK-news хабарлады. Порталдың мәліметінше, күннің күрт жылып кетуі салдарынан Глубочанка атты өзеннің деңгейі бірден жоғары көтеріліп, арнасынан асып кеткен. Ауданның Белоусовка, Прогресс және Глубокое елді мекендері арқылы өтетін өзен оларға қауіп төндірген. Мұның соңы осы селоларды су басуына апарып соқтырған. «Күн күрт жылып, қар лезде ери бастағаннан кейін Белоусовкада - 8 үйді, Глубокоеда - 6 үйді, ал Прапорщиково елді мекенінде 16 үйді су басты», - делінген ресми хабарламада. Қазіргі таңда Глубокое аудандық әкімдігі көктемгі су тасқынына қарсы шараларға 6 миллион теңге бөліп отыр. Ол ақшаға өзен жағасын күшейту және жеке үйлердің ауласындағы суды шығару жұмыстары жүргізіледі. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: YK-news.