• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2014

Польшада синтетикалық есірткі өндіретін фабрика әшкереленді

224 рет
көрсетілді

Польша полициясы ірі көлемде синтетикалық есірткі түрлерін өндірген фабриканың жұмысын әшкереледі. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады. Құқық қорғау қызметкерлері аталған фабрикада заңсыз есірткі өндірумен айналысқан 38 күдіктіні тұтқындады. Оларды 20 килоға  жуық жоғары сапалы амфетамин өндіріп жатқан жерінен қолға түсірген. Жергілікті ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, тәркіленген есірткі құны 197 мың доллар құрайды. «Егер бұл фабрика жабылмаса, мұнда жыл соңына дейін 500 килоға тарта синтетикалық есірткінің өндірілуі мүмкін еді», - дейді жергілікті  полицейлер. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Ria.ru. Фото: Voodoopipl.ru.