Нұр-Сұлтанда теннистен қысқы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста еліміздің бірқатар мықты ойыншысы бақ сынады.
Әйелдер арасындағы бәсекенің бас жүлдесін Жібек Құламбаева мен Гозаль Айнитдинова өзара сарапқа салды. Жібек бірінші сетті еш қиналмай-ақ өз пайдасына шешсе, екіншісін Гозаль өте сәтті бастап, 3:0 есебімен алға шықты. Бірақ бұл жағдай Құламбаеваның еңсесін түсіре алмады. Қалған уақытта ширақ қимылдаған ол таразы басын теңестірді. Есеп – 6:3, 7:5. Қола жүлде Аружан Сағандықоваға бұйырды. Шешуіші тұста ол Екатерина Дмитриченконы еңсерді – 6:4, 7:6, Ерлер сайсында тәжірибелі Денис Евсеев пен жас дарын Бейбіт Жұқаев күш сынасты. Екеуара тартыста Бейбіттің бағы жанды – 7:6, 6:2. Бұл – 21 жастағы Маңғыстау облысы түлегінің спорттық мансабындағы әзірге ең ірі табысы. Үшінші орынды Дмитрий Ломакин иеленді.
Ерлер мен әйелдер арасында өткен жұптық сайыстарда Жібек Құламбаева мен Екатерина Дмитриченко және Денис Евсеев пен Григорий Ломакинға тең келер ешкім табылмады.