Футболдан Қазақстан суперкубогы жолындағы жарыстың финалдық ойыны 2 наурыз күні Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Бас жүлде үшін бәсекеде былтырғы маусымдағы Премьер-лиганың жеңімпазы «Тобыл» мен ел кубогының иегері «Қайрат» күш сынасады. Аталған жарыста алматылықтардың екі мәрте топ жарғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Бұл атаққа «Қайрат» 2016 және 2017 жылдары қол жеткізді. Екі ретінде де олар «Астанадан» айласын асырды. «Астана Аренада» өткен алғашқы матчта есеп ашылмағандықтан, жеңімпаз пенальти арқылы анықталды – 5:4. Орталық стадионда ұйымдастырылған кездесуде алаң иелері қарсыластар қақпасына жауапсыз екі гол соқты – 2:0. Ал қостанайлықтардың былтырғы қарқыны күшті болды. Финалда «Тобыл» «Астананы» пенальтиден ұтты – 1:1 (5:4).
Қазақстан суперкубогын ең көп олжалаған команда – Нұр-Сұлтанның «Астанасы». Елордалық клуб бес мәрте (2011, 2015, 2018, 2019, 2020) жеңіс тойын тойласа, «Ақтөбенің» асығы үш рет (2008, 2010, 2014) алшысынан түсті.