• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2014

Қостанайда тұратын шебер ағаштан механикалық сағат жасап шығарды

582 рет
көрсетілді

Қостанай облысында тұратын шебер Николай Рудень ағаштан механикалық сағат жасап шығарды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады. Құрылыс колледжінде ұзақ жыл ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан оның негізгі мамандығы-ағаш ұстасы.  «Ағаштан сағат жасау аса дәлдікті қажет етеді. Ол экологиялық жағынан таза болуымен ерекшеленеді. Әрі ол пәтерге және кеңсеге ерекше сән береді»,-дейді Н. Рудень. Шебер ағаштан жасалған сағатын 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО көрмесіне шығаруды жоспарлап отыр. Жалпы бұл азамат екі жыл ішінде 3 сағат жасап шығарған. Ал осы сағаттың тегершіктері салмақ арқылы қозғалысқа түседі екен. Ағаштан сағат жасау аса ыждағаттылықты және төзімділікті қажет етеді. Сондықтан оны құрастыруға біршама уақыт қажет. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы. Фото: «Қазақстан» телеарнасы.