Бүгін, 27 наурыз күні Астана қаласындағы Конгресс-Холл сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және белсенді өмірге тарту мақсатында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп Конгресс Холл сарайында бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Оған жұмыс берушілер мен мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылған», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде Астана қаласында 17 мыңнан аса мүгедек тіркелген. Осындағы қоғамдық бірлестік мүшелерінің айтуынша, олардың көбі еңбекке жарамды екен.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Қазақстан жаңалықтары»
Фото: www.Elarna.com.