Бүгін, 27 наурыз күні Астанадағы «Тәуелсіздік» сарайында Еуропа футбол одағы қауымдастығының (УЕФА) кезекті XXXVIII конгресі өтті. Бұл туралы egemen. kz тілшісі хабарлады.
Осы жиында «Ұлттар лигасы» жобасы мақұлданды. Бұл лига 2018 жылғы әлем чемпионатынан кейін қолданысқа енеді. Қазір ол туралы нақты тұжырым жасауға ертерек. Дегенмен, кейбір мәліметтерге қарағанда,аталған жоба ұлттық құрамалар арасындағы жолдастық кездесуге өзгерту енгізуі мүмкін. Яғни, онда 4 топқа бөлінген 16 команда ойнайды.
Бұл идеяны УЕФА президенті Мишель Платини ұсынды. Астанада өткен конгресте осы жобаны 54 елдің өкілдері бірауыздан қолдады.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: www.Egemen.kz.
Фото: www.Alashainasy.kz.