• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Тағайындау 23 Ақпан, 2022

«ҚазТрансОйл» компаниясына жаңа басшы тағайындалды

734 рет
көрсетілді

«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Талғат Құрманбаев 23 ақпаннан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жайында компанияның ресми сайтында жарияланды.

Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісі бар.

Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды:

«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі,

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю),

«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю.

Соңғы жаңалықтар