Франциялық «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе париждік ұжым басшылығы ұсынған жаңартылған келісімшарттан кезекті рет бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
Париждік ұжым футболшының екі жыл команда сапында қалғанын қалаған. Одан бөлек жаңа келісімшартта Килиан Мбаппенің Катардағы әлем чемпионатынан кейін қалаған уақытында команда ауыстыруына мүмкіндік туғызған. Алайда Килиан клуб басшылығының ұсынысын қабылдамай тастаған. 23 жастағы футболшы келісімшарты аяқтала салысымен жаз мезгілінде испаниялық «Реал» футбол клубының қатарына қосылуды жоспарлап отыр.