• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2014

Әлем саясаткерлері Қазақстан басшысының қарусыздануға қосқан үлесі туралы

344 рет
көрсетілді

Шелли БЕРКЛИ, АҚШ-тың конгресс-вумені: – Қазақстан – АҚШ-тың өте маңызды стратегия­­­­лық әріптесі. 1991 жылы Қазақ­­­стан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Семей ядролық полигонын жауып, әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту туралы ерлікке пара-пар шешім қабылдады. Қазақстан осы уақытқа дейін мұндай батыл да кемеңгерлік қа­дам жасаған, әлемге қауіпсіздік жолын көрсеткен бір­ден-бір мемлекет болып табылады. Біз жаһан­­дық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету жолындағы Қазақ­стан­ның орасан зор үлесі үшін шексіз ризамыз. Осы жол­дағы Қазақстанның көшбасшылығы және оның ядролық қаруды таратпау саласындағы АҚШ-пен жоға­ры ынтымақтастығы  басқа мемлекеттер үшін үлгі болуға тиіс.   Роберт ВЕКСЛЕР, конгрессмен-демократ, Джозеф ПИТТС, конгрессмен-республикалық: – Жалпы қырып-жою қаруын тара­туға және лаңкестікке қарсы біздің жаһандық күресімізде Президент Нұр­сұлтан Назарбаев бастаған Қазақстан халқы мен Үкіметі Құрама Штаттардың берік одақтасы болып табылады. Құра­ма Штаттардың халықаралық қауым­дастықпен өзара іс-қимыл шеңбе­рінде Таяу Шығыста демократияны ор­нық­тыру және Иракты қалпына келті­ру мәселелерінде Қазақстанмен байла­ныс­­­ты барынша нығайту АҚШ-тың мем­­­лекеттік мүдделеріне толық жауап береді.   Дэн ДЕВИСОН, Халықаралық білім беру кеңесінің президенті: – Сол шарада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапына аса жоғары баға берілді, ресми Вашингтоннан мұндай жоғары баға алу өте қиын. Сондықтан мен осы уақытқа дейін мұндай лайықты жоғары баға алған шетелдік басшыны айта алмаймын.   Митчелл РИСЕ, халықаралық сарапшы, АҚШ Мемлекеттік департаменті­­­нің саясатты жоспарлау жөніндегі экс-директоры: – Бүгінде Қазақстан планетада тұрақтылықты және бейбітшілікті қамтамасыз ету жолында және адамзаттың мүддесі үшін ерікті түрде ұстамдылық танытқан мемлекет ретінде әлемге үлгі болып табылады.  Қазақстан ядролық арсеналдан бас тартқан және ядролық сынақ полигонын жапқан әлемдегі бірінші мемлекет ретінде айрықша орын алады. Бұл мемлекеттің ядролық қаруды  таратпауға деген ұстанымы ядролық қаруға құштар мемлекеттер үшін ықпалды және ізгілікті сабақ бола алады.