Әсет Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылсын», делінген Ақорда хабарламасында.