• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2022

Жібек жолындағы жақұттар

505 рет
көрсетілді

Дәстүрлі іс-шараға айналған қолөнершілер көрмесі биыл да Жібек жолы көшесінің бойын алқызыл түске бояды. Шеберлер қолынан шыққан мыңнан астам көркем дүниелер көрерменге көктемнің хабаршысындай әсер еткенін осы күнгі көңіл күйден аңғаруға болады.

 

Түрлі түсті текеметтер, киіз­ден басылған бұйымдар, бас киімдер, қамыстан өрілген әбзел­дер, ағаштан жонылған тоста­ғандар, астаулар, былғары блоконттар, тағы да басқа қолөнер бұйымдарының әрқайсысына назар аудармай кете алмайсыз. Әр композицияның ерекше нақышта орындалғаны оның сәнін ғана емес, құнын да әспет­теп тұрғандай.

Қазақстан қолөнершілер палатасының ұйымдастыруымен екі күн қатарынан өткен бұл көр­менің жыл сайын Жі­бек жолы көшесінің бойын­да өтуі жайдан-жай емес. Ұйымдас­тырушылардың айтуынша, табиғи өнімдерден жоғары тал­ғаммен жасалған көркем дүние­лерді келушілер Ұлы Жібек жолы­ның бойымен өткен сауда керуенінің заманауи формасы ретінде қабылдайды. Соңғы он жылдан астам уақыттан бері дәстүрлі шараға айналған қолөнер көрмесіне алматылықтар ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен де шеберлер қатысуда.

Бүгінде шеберлер қолөнерлік кәсіпті жеке кәсіпкерлікпен ұш­тас­тырып, осы саланы да­мытуға барынша үлес қосып келеді. Қазақстандық шеберлер жасаған бұйымдар еліміз ғана емес, Еу­ропа, Орталық Азия елдеріне де танымал. Бұл көрменің әлеу­меттік сипаты да басым. Қазақ­стан Қолөнершілер палатасы осы жоба аясында әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жүн мен киізден бұйымдар да­йындауға оқыту, зағип жандарды жүн мен былғарыдан бұйымдар өң­деуге және дайындауға, жұ­мыс­сыздарды күміс пен мельхиор­дан зергерлік бұйымдар жа­сауға үйретуді де мақсат етіп келеді.

 

 

АЛМАТЫ